Алматыда шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатқан полицей жұмыссыз қалды

Ғалиасқар Думан

Алматыда қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатқан полицей қызметінен айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы сабырсыздық танытып, іс-әрекетімен қоғамда наразылық тудырды. Салдарынан полиция қызметкерлері сынға қалды.

«Тәртіп бұзған қызметкер 14 маусым күні жұмыстан шығарылды. Ол полицей органда ұзақ жұмыс істемеді», – деп хабарлады департамент.

Еске салайық, бұдан бұрын әлеуметтік желіде полицейдің әйелге дөрекі күш қолданып, итеріп жіберген сәті таспаланған видео тараған болатын.