Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әйелге зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған ағасы Марат Әйтеновке қатысты жағдайға түсініктеме беруден бас тартты. Ағасы інісінің арқасында жазадан құтылып кеткені бұған дейін талай айтылып, жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасының бұрынғы жұбайы Дана Әтешова өзінің бұрынғы күйеуі – Марат Әйтеновтен зорлық-зомбылық көріп, таяқ жегенін бірнеше рет мәлімдеді.
17 сәуірде әйел елордадағы Жоғарғы сотқа ғимараты маңында пикет өткізді. Астана қаласының Есіл соты әйелді және оның үш баласын көшіру туралы шешім шығарғаны және әкелерін заң бойынша алимент төлеуге міндеттемемегені белгілі болды. Дана Әтешова мұндай әділетсіздік бұрынғы күйеуінің ықпалды шенеунікпен туыстық қатынасына байланысты деп болжады.
"Шымкент қаласының әкімі болып табылатын Мұрат Әйтенов ағасына әсер ете алмады. Ол және басқа шенеуніктер өз бауырларына көмектесуге дайын болмаса, азаматтардың игілігі үшін қалай жұмыс істей алады? - деді ол.
Ulysmedia.kz тілшісі ОКҚ-да өткен брифингте Мұрат Әйтеновтен осы ақпаратқа түсініктеме беруін сұрады. Оның лауазымы арқылы ағасы зорлық-зомбылық пен алимент төлемегені үшін жазадан жалтарып кеткені қаншалықты рас екенін білмек болдық. Алайда сұраққа жауап алу мүмкін болмады — модератор журналистің сөзін бөліп жіберді, тіпті тұрмыстық зорлық-зомбылық Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі екені туралы ескертуден кейін де шенеунік сауалға жауап беруге құлық танытпады.
Айта кетейік, Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметін 2020 жылдың қаңтар айынан бастап атқарады.