21 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Ғалиасқар Думан

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Парламенті

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған Өкім мәтінінде.