QazaqGaz бен Газпром Өзбекстанға газ транзиті жөнінде келісімге келді

Ғалиасқар Думан

Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр. Қазақстан делегациясын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастап барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

шартты сурет

Форумда Якутия, Томск және Новгород облыстарының басшыларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының негізгі салалық компаниялары – «Росатом», «Газпром» және «ИнтерРАО» компанияларымен кездесу өтті.

Газпромның бас директоры Алексей Миллермен кездесуде QazaqGaz бен Газпром Өзбекстанға ресейлік табиғи газды тасымалдау туралы келісімге қол қойды.

Сондай-ақ газды жеткізу, өңдеу және тасымалдау саласындағы ынтымақтастық талқыланды.

Қазақстан мен Ресейдің Энергетика министрлері келісім шеңберінде 2033 жылдың соңына дейін көлемін 10 миллион тоннаға дейін ұлғайтумен ресейлік мұнайдың транзитіне қатысты үкіметаралық келісімдерді ұзартты. «Интер РАО» АҚ-мен кездесуде тараптар электр энергиясын жеткізу, көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын жаңғырту саласындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады.

Еске салайық, 2022 жылдың желтоқсанында Өзбекстанның энергетика министрі Жорабек Мирзамахмудов Мәскеу мен Ташкент Ресей газын Қазақстан арқылы жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын, бірақ бұл «үшжақты газ одағы» емес, «бұл техникалық келісім болады» деп мәлімдеген. «Үшжақты газ одағын» бұрын Ресей Федерациясы ұсынған.

«Газ одағын» құру туралы бастаманы Ресей президенті Владимир Путин көтерген еді.