Украинаның әр танкісін жойғандарға 1 млн рубль уәде еткен Лепс Қазақстанда концерт өткізбек

Ғалиасқар Думан

Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін білдірген. Сөйткен Лепс Қонаевте концерт өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Мұндай бастаманы «Земляне» тобының жетекшісі Владимир Киселев көтерген. Басков пен Лепс бұл идеяны қолдаған.

СөйткенГригорий Лепс шілдеде Қонаев қаласында концертін өткізуді жоспарлап отыр. Билеттің ең арзаны 50 мың теңге, ал ең қымбаты бір миллион теңге болады.