Тоқаев "ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет" деп санайды

Ulysmedia

Президент "ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет" деп мәлімдеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Тоқаевтың сөзінше, масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ, билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы.

"Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет. Креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Қазір медиа саласы, кино және сериал, мультфильм, спорт және музыка шоулары, компьютер ойындары мен кітаптар – бәрі бірігіп, біртұтас жүйеге айналды", - дейді мемлекет басшысы.

 Айта кетейік, Түркістанда екінші Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Онда президент кейбір ірі елдер бізге өз стандарттарын күштеп енгізгісі келетінін мәлімдеді.

Содан соң Кеңес дәуіріндегі жасанды тұлғалардың есімін нысандарға беруді доғару керектігін ескертті.