Германияның президенті Штайнмайер Маңғыстауға келе жатыр

Ulysmedia

Тоқаевтың шақыруымен 19-21 маусым күндері Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізеді, сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беріледі. Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен оны нығайту перспективалары қарастырылады.

Сонымен қатар Германияның Федералды Президенті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді.

Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып,өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады. ГФР Президенті Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытының сынама бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына сапармен баратын алғашқы еуропалық президент болмақ.