120 жолаушысы бар филиппиндік паром теңізде өртеніп кетті

Ulysmedia

Теңізде 120 жолаушы мен экипаж мінген филиппиндік паром өртеніп кетті, құтқару операциясы жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бұл туралы жағалау күзетінің өкілдеріне сілтеме жасап Associated Press мәлімдеді.

Анықталғандай, Esperanza Star кемесі Филиппиннің Сиквиор провинциясынан Бохол провинциясына бара жатқанда таң атқанда өртенген.

Қазіргі уақытта қанша адамның құтқарылғаны және зардап шеккендердің бар-жоғы туралы ақпарат жарияланған жоқ.