Досым Сәтпаев: Лепсті Қазақстанға шақырғандарды жауапқа тартуға болады

Ғалиасқар Думан

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ресейдің Украинға қарсы соғысын қолдайтын өнер иелерін Қазақстанға шақырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

"Егер ниет пен саяси жігер болса, "зигтеп" жүретін, Путиннің Украинаға қарсы соғысын қолдайтын "жұлдыздардың" бәрін, Лепстер мен басқаларды Қазақстанға шақырғандарды Қылмыстық кодекстің бір бабына сүйреп әкелуге болады. Себері олай келетіндердің бәрі соғысты насихаттаушылар. Олар 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін әншілерден пропогандистерге айналып шыға келді. Дәл сол аузымен олар күні ертең Қазақстанның да егемендігіне шүбә келтіруі мүмкін”, – деді Досым Сәтпаев.

Еске салайық, Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін білдірген. Сөйткен Лепс Қонаевте концерт өткізуді жоспарлап отыр.

Бұдан бұрын Ольга Полякова Украина әншісі Лепс пен Басковтың бетіне түкіргендерге 1000 доллар төлеуге дайын екенін мәлімдеген.