Алматы облысының тұрғындарына су 50% қымбатқа сатылып келген

Ғалиасқар Думан

Алматы облысында «BeyazhTrans» ЖШС әкімшілік-аумақтық бірліктің географиялық шекарасын бұза отырып, біріңғай тариф арқылы Алматы облысының екі ауданындағы 9 ауылдық округінің сумен қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратура мәліметінше, екі ауданның халқын сумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі су көздері пайдаланылған.

“Жамбыл ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының түрғындарын сумен жабдықтау тарифы 50%-дан астам мөлшерге, яғни 41,73 теңге/м3-ден 26,23 теңге/м3-ге дейін төмендетілді. Нәтижесінде, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының 30 мыңнан астам тұрғындарының құқықтары қорғалды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Талғар ауданының прокуратурасымен аудан прокуратурасымен «Талғар Су» ШЖҚ МКК қызметінде белгіленген су тарифінің сақталуына талдау жүргізілді.

Нәтижелері бойынша, Талғар қаласы, Бесқайнар ауылы, Қотырбұлақ, Қызыл-Қайрат ауылдары су тарифінің сметалық құнына «Талғар Су» ШЖҚ МКК теңгерімінде тұрмайтын каналды тазарту бойынша шығыны негізсіз енгізілгені анықталды.

Аталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, нәтижесінде тариф куб үшін 5 теңгеге төмендетілді. 65000 азаматтың құқықтары қорғалды.