Семейде ресейлік «Би-2» тобының концерті өтпейтін болды

Ғалиасқар Думан

Қала әкімдігінің оған Абай облысы тұрғындарының өтініші себеп болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

TASS

«Табиғи өрт кезінде болған қайғылы оқиғаларға, сондай-ақ облыс жұртшылығының көптеген өтінішіне байланысты «Арена» мәдени-спорт кешенінде 21 маусымға жоспарланған ресейлік «Би-2» музыкалық тобының концерті өтпейтін болды. Аталған шешімге түіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Музыкалық топ мүшелері Семейдегі концерттен түскен қаражатты Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендерге беруге ниетті екенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, бүдан бұрын қоғам наразылығынан кейін ресейлік әнші кейін Григорий Лепстің де Қонаев қаласындағы концерті тоқтатылған болатын.