Еліміздегі қалалардың біріне Кенесары ханның аты берілді

Ғалиасқар Думан

Ақмола облысындағы Жарқайын ауданының орталығына Кенесары ханның аты берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Державин қаласының атауын өзгерту үшін дауыс берушілерге 321 бюллетень берілген. Оның ішінде 192 адам қалаға Кенесарының есімі берілуін қолдаса, 125 адам қарсылық танытқан. Қалған 4 бюллетень жарамсыз деп танылған. 

Державин қаласы Астанадан 482 шақырым дерде орналасқан. 2020 жылғы санақ бойыншаонда  6307 адам тұрады. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысындағы Кировское ауылына қазақша атау берілетіні хабарланған.