Түркиядан Қазақстанға есірткі саудасын ұйымдастырған күдікті экстрадицияланды

Ғалиасқар Думан

Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Елге экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұдан бұрын Грузиядан Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай экстрадицияланған болатын.