Алматыда ұсталған күдікті полиция көлігінде суицид жасады

Ғалиасқар Думан

Алматыда көлік ұрлап қолға түскен күдікті ер адам полицейлердің қызметтік машинасында суицид жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Департамент мәліметінше, оқиға Алматының Жетісу ауданында болған. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.

«Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Тойота» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталуда», - деп хабарлады полициядан.