Шымкентте жолаушылар көлігі басқармасының басшысы ұсталды

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Антикордың Шымкенттегі департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Otyrar

Оның сөзінше, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

“Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деді Дәурен Ерғарин.

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды.