Қызылордада баға қитұрқылығы үшін депутат пен спорт федерациясының басшысы жазаланды

Ғалиасқар Думан

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күріштің алты ірі өндірушісі мен көтерме сатушысына қатысты тергеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мағжан Ералиев "Алтын сапа" сыйлығын алып тұрған сәт, 2017 жыл

Атап айтқанда, «Абзал и К» ТС, «Мағжан и К» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Най-Мир» ЖШС, «Абай-Даулет» ЖШС және «Байдалиев К» ЖК тергелді.

Кәсіпкерлер күріш бағасын белгілеп және ұстап тұрғандығы туралы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактілері анықталды.

Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сот жоғарыда аталған күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Айта кетейік, "Абзал и К" басшысы – Мағжан Ералиев. Биыл ол Қызылорда облысы мәслихатының депутаты болды. Ашық деректерге сәйкес, "Мағжан и К" ЖШС компаниясы да оған тиесілі.

"Жан-Арай" ЖШС басшысы – Қызылорда облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрағасы Бақдәулет Махашов. Ералиевтен айырмашылығы, ол Amanat партиясының кандидаты болғанымен, депутаттыққа өте алмады.