Белсенді Айдос Темірғалиевтің ұсталғаны туралы оның әріптестері мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Oyan, Qazaqstan! белсенділерінің айтуынша, Темірғалиевті бірер сағат бұрын Бостандық ауданының полиция бөліміне алып кеткен.
Оны 6 мамырда полиция басқармасы ғимаратында Дархан Шәріпов пен Влада Ермольчеваны қолдағаны үшін соттайды деген мәлімет бар.
Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік,7 мамырда Алматыда Oyan, Qazaqstan! қозғалысының белсенділері Дархан Шәріпов пен Влада Ермольчева қамауға алынды.
11 мамырда Влада Ермольчева аштық жариялады. Осылайша ол сот шешіміне наразылығын білдірді.