Қонаевта африкалықтар құрылыс жұмыстарына заңсыз тартылған

Ғалиасқар Думан

Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«21 маусым күні Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде «Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Нигерияның - 9, Камерун елінің 2 азаматы анықталды», - деп хабарлады ІІМ.

Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза ) қарамастан ел аумағында жүргені белгілі болды.

Қазіргі таңда жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.