Mudarabah capital мен Astex қаржы пирамидаларының атышулы ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздігі төмен режимдегі колонияда жазасын өтейді. Екеуі қаржы пирамидасын құрды деген айып бойынша кінәлі деп танылды.
Прокурор ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) басшысы деп таныған Алмас Құрманғалиевті кінәлі деп тауып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жөнінде үкім шығарды.
Сот барысында Astex компаниясының директорын қорқытқан Руслан Бұрқанов та ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлі деп танылды. Жазасы ол 12 жыл қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Басқа айыпталушылар мынадай жазаға тартылды: