Ресейдегі «әскери көтеріліс»: Пригожинге қарсы іс қозғалды

Ulysmedia

Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Ведомство Ресейдің әскери басшылығын сынап, оны «жазалауға» уәде берген Пригожиннің мәлімдемелеріне реакция білдірді.

Іс қарулы бүлік ұйымдастыру фактісі бойынша қозғалғаны нақтыланды.

"2023 жылдың 23 маусымында ресейлік ФСБ Тергеу басқармасы заңды және негізді түрде Е.В.Пригожинге қарсы қарулы бүлік ұйымдастыру фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 279-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның әрекеті толықтай сараланады. Бұл қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған», - деді РФ Бас прокуратурасы.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген.

Вагнер тобын ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин құрған және өзі басқарады, құқықтық мәртебесі белгісіз ресейлік мемлекеттік емес қарулы ұйым.

2014 жылдан бері бұл топ Украинада, одан кейін Сирияда әрекет етуде. 2017 жылдың маусымында “Вагнер” ЖӘК АҚШ-тың санкциялар тізіміне енді.

2022 жылдың қыркүйегіне дейін “Вагнер” ЖӘК кем дегенде 5 786 ресейлік тұтқынды жұмысқа алды, олардың кем дегенде 2 036-сы Украинадағы соғыс аймағына жіберілді.