Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық берді

Ulysmedia

Ресей президенті Владимир Путиннің "Вагнер" жетекшісі Евгений Пригожиннің бүлігі жайлы айтқан видеоүндеуі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Бізді жеңіліске және капитуляцияға итермелеп жатыр. Бұл Ресейге жасалған соққы. Біздің жауабымыз қатаң болады. Бүлік пен лаңкестік жолына түскендердің барлығы қатаң жазаланады. Ведомстволар бұйрық алды, шешуші шаралар қабылданады. Ростовты блоктан шығару үшін. Ресей Федерациясының басшысы ретінде мен елді қорғау үшін бәрін жасаймын. Әскери бүлікті кім ұйымдастырып, қол көтерсе – сол Ресейге опасыздық жасады және ол үшін жауап береді.

Мен осы қылмысқа тартылып жатқандарды бұл өлімге әкелетін, қайғылы, қайталанбас қателікке жол бермеуге шақырамын. Жалғыз дұрыс таңдау жасаңыз - қылмыстық әрекеттерге қатысуды тоқтатыңыз», - дейді Владимир Путин.

Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық берді