Евгений Пригожинге қарсы қарулы көтеріліске қатысты қылмыстық іс тоқтатылады. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның айтуынша, «Вагнер» ЖӘК өздерінің далалық лагерьлеріне аттанады, ал Пригожиннің өзі Белоруссияға кетеді. Лукашенко мен Пригожиннің келіссөздері кезінде Қорғаныс министрлігіндегі кадрлық өзгерістер сөз болған жоқ.
Дмитрий Песков 24 маусымда Беларусь президенті Александр Лукашенко мен «Вагнер» компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдер туралы айтты. Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады, ол Беларуське барады. Песков Пригожиннің онда нақты не істейтінін айтқан жоқ.
“Вагнер” ЖӘК өздерінің далалық лагерлеріне барады”, - деді Песков.
Алғашында Пригожиннің «науқанына» қатысудан бас тартқан ЖӘК жауынгерлері Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырмақ.
Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар жұмысты жалғастырады» деп сендірді.
Кейінірек ресейлік ФСБ Евгений Пригожинге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.
Вагнер тобы (PMC Wagner) — ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин құрған және басқаратын, құқықтық мәртебесі белгісіз ресейлік мемлекеттік емес қарулы ұйым.
2014 жылдан бері бұл топ Украинада, одан кейін Сирияда әрекет етуде. 2017 жылдың маусымында Wagner PMC АҚШ-тың санкциялар тізіміне енді.
2022 жылдың қыркүйегіне дейін Вагнер ЖӘК кем дегенде 5 786 ресейлік тұтқынды жұмысқа алды, олардың 2 036-сы Украинадағы соғыс аймағына жіберілді.