Көкшетауда полиция басқармасы бастығының орынбасары жоғалып кетті

Ulysmedia

Әлеуметтік желілерде Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен Зеренді аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Азаматтың жоғалып кеткені жайында 23 маусымда мәлім болған. Полицейдің әйелі ер адамның 20 маусым күні үйден шығып кеткенін, содан бері оның қайда екені белгісіз екенін айтқан.

Бұл жағдайға Ақмола облысының полиция департаменті түсініктеме беріп үлгерді.

Олар қазір Дүйсебиннің бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында екенін жеткізді.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екені туралы мәлімет білетіндер құқық қорғау органдарына хабарласуын сұрайды.

Еске салайық, бұған дейін әкімшілік полиция бастығының орынбасары Жандос Мұраталиевтің қайтыс болғаны хабарланған болатын.