Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі «Вагнердің Ресейдегі әрекеті» жайлы журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қытай билігінің осы мәселеге қатысты ұстанымын сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялаған.
«Бұл Ресейдің ішкі ісі. Достық ниеттегі көрші әрі жаңа дәуірдегі жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық бағыттағы серіктес ретінде Қытай Ресейді ұлттық тұрақтылық пен даму, гүлденуге жетуде қолдайды», - дейді ресми Пекин.
Өткен аптада Ресейде осы аптаның соңында соғыс басталғалы ең үлкен оқиғалар болды. Жұма күні Евгений Пригожин "Вагнер" жауынгерлерін атқылады деп Ресей қорғаныс министрлігін айыптаған. Көп өтпей Пригожин "елдің әскери басшылығына қарсы" бүлік бастап, "әділдік орнататынын" мәлімдеді. Ол жұртты "қарсылық білдірмей берілуге" шақырды, 25 мың сарбазы барын ескертті. Ресей билігінен Қорғаныс министрі Шойгу мен Бас штабтың бастығын алдына әкелуді талап етті.
Ресей федералды қауіпсіздік қызметі «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының жетекшісінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Арада бірнеше сағаттан кейін Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеме жасап, Пригожинді сатқындық жасады деп айыптады, бүлікті басып жаншуға бұйрық берді.
Көп өтпей Вагнер жауынгерлері мен Ресейдің тұрақты әскерінің шайқасқа түскені жөнінде ақпараттар, фото-видео материалдар тарай бастады.
Қазақстан билігі әуелі бұл жайтқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамаған. Түстен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путинменмен сөйлескені жөнінде Ақорда ақпарат таратты. Тоқаев бұл жағдайды "Ресейдің ішкі мәселесі" екенін атап өткен.
Бір тәуліктен кейін Евгений Пригожин Ресей билігімен келісімге келіп, әскерін қайтаратынын кері «дала лагерлеріне» хабарлады.