Бұршақ, жел, найзағай: ел өңірлерінде күн райы бұзылады

Айнель Аянова

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

фото: ашық дереккөзден

"27 маусымда солтүстік-батыста, 27-28 маусымда солтүстікте, шығыста, 29 маусымда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады", делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Еліміз бойынша синоптиктер бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжап отыр.

Ауа температурасының күрт өзгеруі болжанбады. Республиканың барлық аумағында салқын ауа райы сақталады.