Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ведомство мәліметінше, 28 маусымда Шекара қызметі Жамбыл облысының «Меркі» теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.
Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген.
“Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді”, - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанға 50 млн теңгенің электронды темекісін заңсыз әкелуші сотталған.