Тоқаев екі судьяны теріс қылығы үшін қызметінен айырды

Ғалиасқар Думан

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі судьяны теріс қылығы үшін жұмыстан шығарды. Олардың бірі сыбайлас жемқорлық үшін сотталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Қостанай облыстық сотының судьясы Дудин Игорь Игорьевич  – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату қажеттілігі туралы сот жюриінің шешімі бойынша; Тараз қалалық сотының төрағасы Алтынбек Әсіпбекұлы Мадмаров – соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты атқаратын қызметінен босатылсын", - делінген Тоқаевтың Жарлығында.

Айта кетейік,  жақында Дана Тоқмұрзина Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылған.

Сондай-ақ, бұдан бұрын журналисті репортажы үшін жазалауды талап еткен судья Жоғарғы сотқа сайланды.