Алматыда танысын аңшы мылтығымен алты өлтірді деген күдікті ұсталды

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік желілерде Байзақов көшесінде қылмыстың болғаны жөнінде алдымен ақпарат тараған еді. Кейін полиция департаменті бұл мәліметті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото әлеуметтік желіден

«Алматы қаласы Полиция департаменті аңшылық шолақ мылтықпен өз танысын атып өлтірген 1991 жылы туылған И. есімді күдіктінің ұсталғанын хабарлайды. Алдын ала белгілі болғандай, екі ер адам арасында туындаған жанжал салдарынан біреуі қару қолданған», - деп хабарлайды полиция.

Күдіктінің алғашқы қылмысын 17 жасында жасағаны, өзі 2019 жылдан бері іздеуде жүргені жөнінде мәлімет тарады.