Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Ulysmedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады.

«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.