Рудныйлық зейнеткер балконнан жаймамен түспек болды (видео)

Ulysmedia

Пәтерінде қамалып қалған рудныйлық зейнеткер жасанды арқанмен балконнан түспек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Рудный қалалық ІІБ-нің «102» пультіне Қашар ауылында 4-қабаттың балконынан егде жастағы әйел түспек болғаны туралы хабарлама түскен. Ол төсек жапқыштары мен жаймаларды пайдаланған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Тілектес Әубәкіров келді.

Оқиғаның видеосы.

Полиция қызметкері пәтерге көтерілгенде, ол жабық болып шықты. Содан жоғары қабаттағы көршілерінің пәтеріне көтеріліп, әйелмен сөйлесе бастады. Ол үйде жалғыз қалғанын, баласы жұмысқа есікті кілтпен сыртынан құлыптап кеткенін айтты.

Белгілі болғандай, әйел сыртқа шықпақ болған, алайда есікті аша алмаған, содан кейін балконға шыққан.

"Мен зейнеткермен сөйлесе бастадым, оны тыныштандыруға тырыстым, сонымен бірге әйелдің туыстарына телефон соқтым. Біраз уақыттан кейін оның қосалқы кілттері бар жиені келді", - деді учаскелік полиция қызметкері.