Бір апта бұрын бактериялық инфекциямен ауруханаға түскен 64 жастағы әнші Мадоннаның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, әнші ауруханадан шыққаннан кейін де төсек режімін сақтауы керек, өйткені оның денсаулығы әлі де жақсы емес.
Мадонна бұрын жоспарланған турдан бас тартпауға бел байлаған, алайда оның менеджері мен жанашырлары толық сауығып кетуі қажеттігін айтты.
Мадоннаның менеджері Гай Осири оның алдағы турнесінің кейінге шегерілетінін мәлімдеді.
Бұған дейін әлемге әйгілі әнші Мадоннаның «ауыр бактериялық инфекциямен» ауырғаны белгілі болды.