"Қазақстан аумағын Ресейге беру керек": желіні шулатқан жезқазғандық тергеліп жатыр

Ғалиасқар Думан

Жезқазған тұрғыны чат-рулеткада Қазақстан аумағын Ресейге беруді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті қолға алды – материалдар жиналып жатыр.

"Мәліметтерді Жезқазған қаласының полиция басқармасы 2 шілдеде ақпаратты есепке алу кітабында тіркеді және шешім қабылдау үшін 2023 жылғы 3 шілдеде Ұлытау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне жолдады", – деп мәлімдеді Ұлытау облысы прокуратурасы.

Өзін "Александр Сергеевич" деп таныстырған Жезқазған тұрғыны Ресей Қазақстанның солтүстігін "алғашқы орыс территориясы" деп санайтыны туралы пікірге жауап ретінде Ресей Федерациясына елдің бүкіл аумағын беруді ұсынды.

Еске салайық, жуырда өздерін Петропавл тұрғындарымыз деп таныстырған бір топ адам Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялады. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарды.

Көп ұзамай Мәжіліс депуттаттары аталған тұлғаларға қатысты Бас прокурорға хат жолданатынын мәлімдеген.

31 наурызда Бас прокуратура СҚО-дағы сепаратизмді насихаттау ісіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

2023 жылғы 18 сәуірде Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша ( қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағандықтары үшін «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталғаны белгілі болды.

2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен барлық үш фигурантқа қатысты мерзімі 2 айға «қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Күдіктілердің мәлімдемесінде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау» белгілері бар екені анықталған еді.