Мысыр ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды

Ulysmedia

Азаматтық авиация комитеті мысырлық Red Sea әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Ұшақ Мысырдан Астанаға ұшып бара жатқан. Төтенше қонуға тура келді.

«Бүгін таңғы сағат 4:32-де Шарм-эль-Шейхтен Астанаға бет алған Египеттің Қызыл теңіз әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Ақтөбе әуежайына шұғыл қонды. Ұшақ бортында өрт шықты деген күдікке байланысты экипаж Ақтөбе әуежайына қонуға шешім қабылдады. 184 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі бар ұшақты әуежайда медициналық қызметкері бар жедел-құтқару тобы қарсы алды», - деп хабарлады ОАА.

Өрт фактісі расталмады. Жолаушылар денсаулықтарына шағымданбады.

Бұған дейін FlyArystan ұшағының Қызылордаға шұғыл қонған болатын.