Досаев отставкаға кетсін: Алматылықтар әкімдерін ауыстыруды сұрайды

Ulysmedia

Алматы тұрғындары қала әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатуды талап етіп петиция бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ulysmedia.kz

Бұған Қонаев заманында жасалған массивтік тастардың қаптамасы сапасы күмәнді блокпен ауыстырылған видео себеп болған сияқты.

Сондай-ақ, Досаевты алматылықтар қаланың түкпір-түкпірінде бітпейтін заңсыз құрылыстары, жол жиектерін қажетсіз жөндеп, тұрғындарға дөрекі қарым-қатынасы үшін сынға алды.

Жазбаны жариялау кезінде петицияға 170 дауыс қолдап, бір дауыс қарсы болды.