Шымкенттегі университеттердің бірі мемлекеттік мәртебесінен айырылмақ

Ғалиасқар Думан

Ғылым және жоғары білім министрлігі тиісті бұйрық жобасын жария талқылауға ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын. "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсін", - делінген құжатта.

Бұйрық жобасына қоса берілген түсіндірме жазбада көрсетілгендей, бұл жоғары оқу орындарының оқытушыларының мәртебесін арттырып, отандық ғалымдардың ЖОО ғылымға қосқан үлесінің жоғары бағасын көрсететін болады.

Құжатты көпшілік талқылау "Ашық НҚА" порталында 24 шілдеге дейін жалғаспақ.