БҚО-да мыңға жуық адам өртпен арпалысып жатыр

Ғалиасқар Думан

Бір тәулікте Батыс Қазақстан облысында 40-қа жуық өрт оқиғасы тіркеліп, оларды мыңға жуық адам мен 200-ден астам техника сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Батыс Қазақстан облысында тәулігіне 40-қа жуық құрғақ шөп өрті тіркелгенін өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында қазірдің өзінде 35 аумақта өрт жойылғанын хабарлады.

"Бүгінде Сырым, Тасқала және Қазталов аудандарындағы қалған аумақтарда өрт сөндіріліп жатыр. Жалпы облыс бойынша 1000-ға жуық жеке құрам мен 200-ден астам техника жұмылдырылған", - делінген хабарламада.

Бір күн бұрын министрлік БҚО-да 30 табиғи өрт ошағы жойылғанын хабарлады. Облыста өрт қаупі жоғары. Жағдай жергілікті орман шаруашылықтарында өртті сөндіруге арналған арнайы техника мен құралдардың жетіспеуінен қиындап тұр.

Айта кетейік, 2 аптадан астам төтеншеліктерді әлекке салған Іле-Балқаш резерватындағы өрт кеше сөндірілді.