Онда радиофобтар тұрады – Бағдат Мусин Астанада интернеттің нашарлығы туралы

Ғалиасқар Думан

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына жауап ретінде Астананың кейбір жерлерінде интернеттің неліктен қолжетімсіз екенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

iStock

Бағдат Мусиннің айтуынша, мұның бәріне тұрғын үй кешендерінің төбесіне базалық станцияларды орнатуға мүмкіндік бермейтін тұрғындар кінәлі.

"Біз мобильді интернетті өлшедік. Байланыс толығымен жоғалып кететін 67 орын анықталды. Онда базалық станцияларды орнатудан қорқатын радиофобтар тұрады", - деді ол.

Министрдің айтуынша, мамандар 39 тұрғын үй кешенінің тұрғындарын үйлерінің төбесіне базалық станция орнатуға көндіре алыпты.

"Қалған 28 тұрғын үй кешенінде біз үш ай бойы жұмыс істедік, бұл 9-сыныптағы физика мен математика жайлы қарапайым түсінік болса да, әлі күнге дейін тұрғындарды базалық станциялардың адам денсаулығына зиян тигізбейтініне сендіре алмадық", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын мемлекет басшысы Астанадағы интернет сапасын сынға алған болатын.