Шүменовтің шулы төбелесі: спорт министрі не дейді

Ғалиасқар Думан

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Астанада балалы ер адамды ұрып-соққан атақты боксшы Бейбіт Шуменовпен болған оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

tengrinews.kz

"Біз жағдайды бақылап отырмыз. Спорт комитетіне тапсырма берілді. Қазір олар бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеп жатыр", - дейді министр.

Ulysmedia.kz тілшісі Ораловтан елдің кәсіби спортшыларымен профилактикалық әңгімелер жүргізіле ме деп сұрады. Боксшылардың немесе жекпе-жек өнерінің басқа өкілдерінің қолдары қарапайым азаматтар арасында суық қару деп саналатыны белгілі.

"Міндетті түрде. Біз тек спортшылармен ғана жұмыс істемейміз, бұл командалық жұмыс, бізде федерациялар бар. Біз жаттықтырушылармен, спортшылармен, дәрігерлермен, психологтармен жұмыс жүргіземіз. Психологиялық медициналық жұмыс, спорттық медицина, әрине, өте маңызды. Біз бірлесіп жұмыс істейміз", - деді ол.

Еске салайық, боксшының сауда орталығында төбелескені туралы қауесет кеше тарады. Бүгін ақпарат ресми түрде расталды.

"Иә, растаймыз, тергеу басталды. Іс "Бұзақылық” бабы бойынша қозғалды. Қылмыстың ауырлық деңгейін сараптама көрсетеді", - деп жауап берді ІІМ өкілі.

Сүнтаев төбелес кезінде ер адамның қолындағы баланың зардап шекпегеніне сендірді.

Айта кетейік, Бейбіт Шуменов – жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы. Тұрақты әлем чемпионы (2016-2017, 2018-2019) және 1-ші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы (2015-2016). Бұрынғы WBA әлем чемпионы (2013-2014), WBA тұрақты әлем чемпионы (2010-2013) және жеңіл салмақтағы IBA әлем чемпионы (2009-2014). 2004 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Бейбіт тек кәсіби боксшы емес. Ол сонымен қатар менеджер және промоутер. Ол өзінің KZ Event Productions, Inc. компаниясын ағасы Шыңғыс Шуменовпен бірге 2007 жылы Лас-Вегаста ашқан.