"Міндеттерін адал орындады": Байханов Павлодар әкімі орынбасарының ұсталуы жайлы

Ғалиасқар Думан

Павлодар облысының басшысы Асайын Байханов Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Арслан Қалияқбаров

Байханов ресми түрде ұсынылғаннан артық мәліметі жоқ екенін айтты.

"Бағаны тергеу, сондай-ақ сот беруі керек. Сондықтан мен тергеу мен сот шешімінің аяқталуын күту керек деп есептеймін. Мен қала әкімі болып қызмет атқарғанда Қалияқбаров ТКШ бөлімінің басшысы болғанын ғана айта аламын. Ол сол кезде жүктелген міндеттерді адал, жауапкершілікпен орындады. Оған не болғанынан хабарым жоқ. Мемлекеттік қызмет және кез келген жоғары лауазым, үлкен жауапкершілік әрқашан сынақ болып табылады. Кез келген сынақтың соңында не жаза, не марапат тұрады", - деді әкім.

Еске салайық, Антикор 15 маусымда кәсіпкерден пара алды деген күдікпен Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталғанын мәлім етті.