Шымкент мұнай өңдеу зауытының вице-президенті қайтыс болды

Айнель Аянова

Шымкент мұнай өңдеу зауытының вице-президенті Данияр Мәкішев 35 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Марқұмның жүрек талмасынан көз жұмғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың шілдесінде Шымкент МӨЗ-нің сол кездегі вице-президенті Сауат Мыңбаевтың інісі Аслан Мыңбаев та 40 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған.

Бұған дейін Энергетика министрлігінде 3-14 шілде аралығында ШМӨЗ жөндеуге жабылатыны хабарланған болатын. Осы себепті Қазақстан Ресейден бензин импорты мәселесін пысықтауда.