Түркістан облысында қаскөй 5 жасар қызды зорлап өлтірген

Ғалиасқар Думан

"НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде 2018 жылы туған қызды аяусыз өлтіргенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото

Оның айтуынша, қаскөй қызды зорлаған.

"Бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, сондай-ақ ҚР ҚК 106-бабы бойынша пробациялық бақылауда болған", - деп жазады Таңсәрі.

Бұл бап бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендер жазаланады.

ІІМ кісі өлтіру фактісін растады. Онда жергілікті тұрғын 13 шілдеде қызының жоғалғаны туралы өтініш білдіргені туралы хабарланды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты. Бұл факті ҚР ҚК 99-бабы бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады ІІМ.

Күдікті Сарыағаш ӨКП-на жеткізіліп, қамауға алынды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.