Өміріне қауіп төніп тұр: Журналист Думан Мұхамедкәрімнің жағдайы күрт нашарлады

Ulysmedia

Журналист Думан Мұхамедкәрімнің денсаулық жағдайы күрт нашарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ulysmedia.kz

Бұл туралы қоғам белсендісі Дана Сәрсенбаева мәлімдеді. Оның сөзінше, журналистің өміріне қауіп төніп тұр.

"Оның жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін, бүйрегі ісіп кеткен", — деп жазды ол.

Айта кетейік, Думан Мұхамедкәрім кеше 25 күндік қамаудан шығуы керек болған. Алайда оны кейін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартып жатқаны белгілі болды.