Жауапты орган Думан Мұхаметкәрімнің денсаулығына байланысты түсініктеме берді

Ulysmedia

Жетісу облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті журналист Думан Мұхмаеткәрімнің денсаулығына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ulysmedia.kz

“Талдықорған қаласының тергеу изоляторында жатқан, тергеу-қамауға алынған Думан Мұхамедкәрім мерзімді емхана дәрігерлерінің тексеруінен өтті, оның нәтижелері бойынша денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп танылды.

Бұдан басқа, медициналық персонал тергеудегі адамның денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізеді”, – деп жазды құзырлы органнан. 

Ведомство көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін де еске салады.

Айта кетейік, бұған дейін журналистің денсаулық жағдайы күрт нашарлағанын жазған болатынбыз