«Семейный капитал» қаржы пирамидасының салымшылары 450 млн теңгесінен айырылды

Айнель Аянова

«Семейный капитал» қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісім-шарт жасасқан, оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген.

Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған.

Осылайша, аталған азамат жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

“Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейні Оралда «World Money» компаниясының өкілдері қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен тергеліп жатқаны хабарланған.