Қазақстанда қанша зейнеткер бар

Ғалиасқар Думан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері ел тұрғындарына төленген зейнетақы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 649 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 506,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 142,7 млрд теңге.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 300 мың адам.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 805 теңге, базалық зейнетақы – 37 836 теңге.

“2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын 1 шілдеден бастап міндетті зейнетақы жарнасын кімдер төлеуі тиіс екені хабарланған.