Қостанайда жалған доллар сатқан 5 адам сотталды

Ғалиасқар Думан

Қостанайда 5 азамат жалған валюта өткізумен айналысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Шарапиев С. валюта тауып әкелумен айналысса, Жакупов Т. және Шаймердинов А. оны Қостанай облысының аумағында сатқан, ал ерлі-зайыпты Бердімұратовтар жалған ақшаны Астана аумағында таратқан.

30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді.

Сотталушыларға «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды.

Сот үкімімен Шарапиев С. 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Шаймердинов А. мен Жакупов Т. орташа қауіпсіз мекемеде 5,5 жыл отырады, ал Бердімұратовтар шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.