Талғар бөгетін су шайып кетті, 150 демалушы эвакуацияланды

Ulysmedia
Ашық дереккөз

Алматы облысындағы Талғар бөгетін су шайып кетіп, 150 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, су тасқынынан 22 шілде күні түнгі 00:30 шамасында Талғар бөгетінің жер дамбасының оң жағалауын су басып қалды.

“Салдарынан ұзындығы - 5,5 м, ені - 3 м, тереңдігі - 1,2 метр, көлемі шамамен 20 текше метр болатын көлшік пайда болды. Оны қалпына келтірумен «Қазселденқорғау» филиалы айналысып жатыр”, – деп жазды ведомстводан.

Жауапты мекеме Талғар өзенінің қауіпті учаскелері мен көпір өткелдеріне мобильді бақылау бекеттерін қойды.

«Сел» дабылынан кейін шұғыл түрде селдің қауіпті аймағынан 150 демалушы эвакуацияланды.