Абай ауданында 9 жасар қызды зорлаған педофил қанша жылға сотталды

Ulysmedia

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тоғыз жасар қызды зорлаған 48 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қоғам белсендісі Дина Таңсаридің айтуынша, ол 25 жыл бас бостандығынан айырылған.

Педофил жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Жан түршігерлік оқиға 2022 жылдың тамыз айында болды. Қыздың анасының айтуынша, қылмысты 48 жастағы көршісі жасаған.

Айтуларынша, ер адам балаға «ең қатыгездікпен» жәбір көрсеткен.

14 тамызда қыздың анасының арызымен жас қызды зорлау дерегі бойынша тергеу басталды. Кейін жәбірленушінің туыстары полицейлер мен күдіктінің туыстарының қысым көрсеткенін хабарлады.