Каспий теңізінен екі бала құтқарылды

Ulysmedia

Каспий теңізінен екі баланың құтқарылғаны мәлім болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

“22 шілдеде сағат 20.50-де Маңғыстау облысы ТЖД 112 пультіне Ақтау қаласының төртінші «а» шағын ауданындағы Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ағыспен алыстап кеткен 2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірім туралы ақпарат түсті. Оларды Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды”, – деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Балаларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар  департаменті  судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.