Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ.Әлімханов пен 8-рота командирі Н.Мырзалиевке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Антикор мәліметінше, Әлімханов пен Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сотталғандар Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен және Полиция департаментінің Өздік қауіпсіздік басқармасымен әшкереленген болатын. Олар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде бағыныстылардан 5-тен 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды.
Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алған.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте пара алған 6 полицей сотталған.